31 Наурыз, 2020 NEWS
көрнекі сурет
ҚР президенті Қ.Тоқаев телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынып отырғанын айтты.
– Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын, – деді президент.
Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтымақ.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілмак. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлу тапсырылды.
– Үкіметке жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады, – деді Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір